Медициналық ЖОО студенттеріне арналған «Самарқан – 2020» V халықаралық Олимпиадасы

Медициналық ЖОО студенттеріне арналған «Самарқан – 2020» V халықаралық Олимпиадасы

Медициналық ЖОО студенттеріне арналған  «Самарқан – 2020» V халықаралық Олимпиадасы

2024 жылдың 13-14 желтоқсанында Самарқан мемлекеттік медицина университетінде «Самарқан-2020» медицина университеті студенттеріне арналған V халықаралық Олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты – медицина және іргелі ғылымдар саласындағы білімді кеңінен насихаттау, сондай-ақ студенттердің оқу қызметі мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндіктер жасау. Олимпиада 40 медициналық іргелі және клиникалық пәндерді қамтыды.

Олимпиадаға қатысуға медициналық жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды. Олимпиадаға біздің университетімізден IMPULSE командасы қатысты.

Команда құрамы:

1.       Әмір Ұлжалғас Амандыққызы, 457 топ, медицина – Ғылыми жоба.

2.       Насурылла Ақзия Хайратдинқызы, 365 топ, медицина – Микробиология.

3.       Аманғазы Баян Елеусізқызы, 410 топ, педиатрия – Физиология.

4.       Мамытова Рабиға Жақыпқызы, 512 топ, медицина – Ішкі аурулар.

5.       Кушкаров Шынгысбек Джаркынбекович, 520 топ, медицина – Офтальмология.

6.       Райхан Бақберген Бақытұлы, 520 топ, медицина – Оториноларингология.

7.       Абдраманов Ырыскелді Дәулеткелдіұлы, 349 топ, медицина – Биохимия.

8.       Кадралинова Зарина Дэулетовна, 504 топ, фармация – Фармация.

9.       Жеңісбек Ақжан Ержанқызы, 518 топ, медицина – Неврология.

10.   Айдарбек Айдана Айдарбекқызы, 518 топ, медицина – Дерматовенерология.

Команда жетекшісі: Асемова Гүлжан Даңқыбекқызы – м.ғ.к., Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының профессоры.

13 желтоқсанда «Самарқан-2020» V Халықаралық олимпиадасының ашылуы өтті, оған Өзбекстанның денсаулық сақтау және білім министрлері, сондай-ақ әлемдегі әртүрлі медицина университеттерінің ректорлары мен профессорлары қатысты. Ашылу салтанатында Олимпиада қонақтары мен қатысушыларына арнап ұлттық және заманауи концерттік қойылым көрсетілді.

Олимпиада 3 сайыстан тұрды. Бірінші байқауға біздің команданың қатысушылары университетімізді таныстырып бейнебаян дайындады. «Жас ғалымдардың ғылыми жобалары» атты екінші байқауға қатысқан студентіміз өзінің ғылыми жұмысының нәтижелерімен баяндама жасады.

Үшінші байқау онлайн және офлайн тәртіпте өтті. Пәндік бағыттар бойынша сайыстардағы бірінші кезеңде тестілеу арқылы білім деңгейін бағалады. Екінші кезең – ауызша, үш бөлімнен тұрды: 1) Пән бойынша сұрақтар. 2) Жағдаяттық есептерді шешу. 3) Практикалық дағдыларды орындау.

Қатысушылардың жауаптарын әрбір пән салаларындағы сарапшылардан тұратын жергілікті және халықаралық қазылар алқасы бағалады. Топ жетекшісі Г.Д. Асемова «Микробиология» пәні бойынша қазылар алқасының мүшесі болды.

Жеңімпаздар 14 желтоқсанда «Самарқан-2020» медицина университеті студенттерінің V халықаралық олимпиадасының жабылу салтанатында марапатталды. Біздің команда микробиология және биохимия іргелі пәндер бойынша ІІ дәрежелі дипломдарды, оториноларингология және дерматовенерология клиникалық пәндер бойынша ІІІ дәрежелі дипломдарды жеңіп алды. Олимпиаданың барлық қатысушылары арнайы жеке дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Команда жетекшісі және қатысушылары бізге мықты қолдау көрсеткені үшін «Астана медицина университетіне» КеАҚ және жылы жүзбен қонақжайлық көрсеткен Самарқан мемлекеттік медицина университетіне шын жүректен алғыс білдіреді.

Өзімнің жеке тарапымнан «Самарқан-2020» V халықаралық олимпиадасына қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік студенттер арасындағы тартысты бәсекеде сұрақтарға лайықты жауап беріп, тамаша нәтижелер көрсеткен білім алушыларымызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл жай ғана жарыс емес, білім алушыларымыздың өз білімдері мен дағдылық әлеуеттерін көрсетудің нақты мүмкіндігі болды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына өз мамандықтарының шыңына жету жолында шынайы табыс тілеймін! Әрқайсыларыңыз болашақта нағыз кәсіби маман болыңыздар, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер. Сіздердің бұл жетістіктеріңіз тек бастама ғана, сіздерді бұдан да үлкен жеңістер мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін!

 

Құрметпен профессор Асемова Гүлжан Даңқыбекқызы

 

 

 

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика