«Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушылары біліктіліктерін арттыру мақсатында «Жасанды интеллект негіздері: базалық курс» деп аталатын 6-7 айлық мамандандырылған курстан өтуде. Бұл курс Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Astana Hub және Big Dream Lab School білім беру платформасымен бірлесіп ұйымдастырылған.
Курс жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен құралдарын, соның ішінде машиналық оқыту, деректерді өңдеу, үлкен деректерді талдау және Python бағдарламалау негіздерін қамтитын теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Қатысушылар биостатистикалық деректерді талдау, биоинформатикалық модельдерді әзірлеу және денсаулық сақтау мен ғылым саласында инновациялық IT-шешімдерді енгізуге арналған заманауи технологияларды меңгереді.
Бұл курс оқытушылардың біліктілігін арттырып, жасанды интеллект элементтерін оқу процесіне және ғылыми зерттеулерге енгізуге, сондай-ақ биостатистика, биоинформатика және IT тоғысындағы пәнаралық жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.