Академиялық мобильділік аясында Душанбедегі медициналық университеттің шақыруымен 2024 жылғы 17-23 желтоқсан аралығында жалпы дәрігерлік практика кафедрасының дәлелді медицина курсымен меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Дербисалина Г.А., кафедраның доцент-зерттеушісі, PhD Умбетжанова А.Т. және кафедраның ассистенті, медицина магистрі Землянская Н.С. Әбуәли ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетіне (Душанбе қаласы, Тәжікстан Республикасы) іссапармен барды. Кафедра қызметкерлері Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, аспиранттары мен докторанттары үшін ғылыми зерттеулер әдіснамасы бойынша семинар өткізді. Сапар барысында біздің оқытушылар университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гулзода Махмадшох Курбоналимен кездесті. Ол жүргізілген жұмысқа қанағаттанушылық білдіріп, Астана мен Душанбе университеттері арасындағы қолданыстағы меморандум аясында әрі қарай ынтымақтастыққа, оның ішінде профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің академиялық мобильділігі, бірлескен конференциялар өткізу бағыттарына үміт артатынын айтты.