2025 жылдың 22 қаңтарында Астана медицина университетінде «Кинезитерапия» және «Эрготерапия» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс білім алушылары үшін шабыттандыратын мотивациялық кездесу өтті.
Отырыста спикер болғандар: Бидатова Гүлзия Қайырбайқызы – денсаулық сақтау саласының сарапшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан халқына» ҚҚ денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығының жетекшісі, «АМУ» КЕАҚ реабилитология және спорттық медицина кафедрасының профессоры, Сливкина Наталья Владимировна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, реабилитология және спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, Бурумбаева Райхан Қайдарқызы – психолог, нейропсихолог, эрготерапевт, реабилитология және спорттық медицина кафедрасының аға оқытушысы, Ташимова Динара Госмановна – «МУА» КЕАҚ «Эрготерапия» білім беру бағдарламасы бойынша түлегі, Ұлттық балаларды оңалту орталығында эрготерапевт болып табылады.
Спикерлердің мақсаты – білім алушыларға бағдарламалар туралы, кинезиотерапевттер мен эрготерапевтерінің оңалту және денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі, құқықтық аспектілері туралы толығырақ айтып, сұрақтарына жауап беру.
Шараға онлайн форматта осы қысқартылған бағдарламалар бойынша білім алып жатқан, оңалту саласында жұмыс істейтін білім алушылар де қатысып, өз тәжірибелерімен, жетістіктерімен бөлісіп, кәсіби кеңестерін берді.
Әркім өз мамандығы бойынша жүріп өткен жолы, қиындықтары мен оны жеңе алғаны туралы айтып берді. Кездесу білім алушыларға сұрақтар қоюға, құнды ұсыныстар алуға және одан әрі оқу мен кәсіби өсу үшін мотивация алуға тамаша мүмкіндік болды.
Осындай іс-шаралар әрбір білім алушыларға қолдауды сезінетін және өз қабілеттеріне сенімді болатын тығыз байланысқан қауымдастық құруға көмектеседі.