Астана медицина университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жоғары оқу орындарының 2025 жылға арналған білім беру бағдарламалары рейтингінің нәтижелерін жариялады.
Бұл рейтинг 2019 жылдан бастап жарияланып келеді және студенттер мен жұмыс берушілерге ең жақсы білім беру бағдарламаларын таңдауға көмектеседі.
Кезекті рейтингті Қазақстанның 95 университетінің бакалавриаттың 2051 білім беру бағдарламаларын талдау нәтижелері ұсынады. Рейтинг төрт негізгі критерийді ескереді:
· Түлектердің мансаптық перспективалары (жұмысқа орналасу деңгейі және еңбек нарығындағы сұраныс);
· Білім беру бағдарламаларының сапасы (мазмұнның жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкестігі және өзектілігі);
· Студенттердің жетістіктері (білім алушылардың ғылымдағы, спорттағы, шығармашылықтағы жетістіктері);
· ЖОО-ның жалпы көрсеткіштері (инфрақұрылым, білім беру ресурстарына қолжетімділік).
Талдаудың объективтілігі үшін тәуелсіз сарапшылар тартылады.
Медициналық ЖОО-дың арасында мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін қайтадан дәлелдеген Астана медицина университетінің нәтижелері ерекше назар аударуға лайық: оқу орнының білім беру бағдарламаларының барлығы дерлік өткен оқу жылындағы университеттер жұмысының көрсеткіштерін бағалаған рейтинг қорытындысы бойынша үздіктердің қатарына кірді.
Университеттің жетістіктері:
· «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 1-ші орын (2024 жылы — 6-орын);
· «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші орын (2024 жылы-8-орын);
· «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші орын (2024 жылы-5-орын);
· «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 3-ші орын (2023 жылы – 7-ші орын);
· «Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша 4-ші орын (өткен жылғы ұстанымын сақтап қалды).
Қол жеткізілген нәтижелер, ең алдымен, университеттің білім беру бағдарламаларына сұраныстың жоғары деңгейіне байланысты. Біздің ЖОО ҰБТ жоғары баллдары бар талапкерлер саны бойынша Қазақстанның ТОП-3 университетіне кіреді. Сонымен қатар, түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері де жоғары деңгейде қалып отыр: Астана медицина университеті түлектерінің 99,3%-ы табысты жұмысқа орналасуда.
Бұл нәтижелер өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай прогресті көрсетеді және университеттің білім беру сапасын және оның еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін арттыруға бағытталған стратегиясының тиімділігін растайды.
Сонымен қатар, университеттің жоғары бағасын ұлттық рейтингтер ғана емес, сонымен қатар халықаралық рейтингтер де растайды. 2024 жылдың қазан айында Астана медицина университеті Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасында бірінші болып QS Stars халықаралық рейтингінде бес жұлдыздан төрт жұлдыз алды. Рейтинг университеттерді оқыту сапасы, жұмысқа орналасу, ғылыми қызмет, интернационалдандыру және инфрақұрылым сияқты көптеген параметрлер бойынша бағалайды. Бүгінгі таңда оған тек 22 қазақстандық университет кіреді.
Астана медицина университеті ұлттық деңгейде де көш бастап тұр.
· 2024 жылғы жетекші медициналық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде (IQAA-Ranking) университет елдегі ең үздік медициналық білім беру мекемелерінің бірі ретіндегі беделін растай отырып, 2-ші орынға ие болды.
· Қазақстандық жоғары оқу орындарының 2024 жылғы ғылыми жарияланымдар рейтингінде Астана медицина университеті 86 университет арасында ТОП-10-ға кіріп, 2023 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда бірден 9-орынға көтеріліп, медициналық жоғары оқу орындары арасында 2-ші орынға ие болды.
Бұл жетістіктер университеттің білім беру, ғылыми және халықаралық салалардағы ауқымды жұмысын көрсетеді. Біздің университет білім беру бағдарламаларын жетілдіру, озық технологияларды енгізу және ғылыми зерттеулерді қолдау арқылы белсенді дамуын жалғастыруда.
Рейтингтердегі жоғары нәтижелер тек жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар одан әрі жетілдіруге ынталандыру болып табылады. Университет халықаралық аренада өз позициясын одан әрі нығайтуға және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға үлес қосуға ұмтыла отырып, өз алдына өршіл мақсаттар қояды.
Астана медицина университеті дәстүрлерді, инновацияларды және сапалы білім алуға деген ұмтылысты біріктіре отырып, медицина үшін үздік кадрлар қалыптастырылатын орын болып қала береді.