Іс-шара студенттер мен оқытушыларды Үндістанның бай мәдениеті мен өнерімен таныстыруға арналды. Дарынды студенттердің музыкалық және би нөмірлерін қамтитын жарқын бағдарлама кешті қуаныш пен шабытқа толтырды.
Өз кезегінде, Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін уақытша атқарушы Анар Тұрмұхамбетова барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады, ал белсенді шетелдік студенттер университет өміріне қосқан үлестерінің белгісі ретінде сертификаттар алды.
Үндістан ұлтының әкесі Махатма Ганди бірде: “Бостандық қателесу бостандығын қамтымаса, мағынасы жоқ”, - деді. Бұл сөздер тәуелсіздік пен прогреске апаратын жол әрқашан қиындықтармен, өсумен және табандылықпен бірге жүретінін еске салады.
Тәуелсіздік алғаннан бері Үндістан керемет жетістіктерге жетті. Бүгінде бұл әлемдегі ең ірі экономикалардың бірі, IT, ғарышты игеру, медицина және ауыл шаруашылығы саласындағы көшбасшы. Үнді өнері, мәдениеті, музыкасы мен киносы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды шабыттандырады және біріктіреді", — деп атап өтті Басқарма төрағасы – ректор Анар Тұрмұхамбетова.
Іс-шара Үндістан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы, сондай-ақ университеттік қоғамдастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Бұл өзара түсіністік пен достық рухын нығайтуға ықпал етті және университеттің мәдениетаралық алмасуды қолдауға және дамытуға деген ұмтылысын растады.