2025 жылғы 24 қаңтарда Астана-Мәскеу рейсінде шұғыл медициналық көмекті талап еткен оқиға болды. Алайда, Астана медицина университетінің түлегі және ҚР ПІБ ЖМА отоневролог-дәрігері Қарлығаш Бакированың жанқиярлығы мен кәсібилігінің арқасында 85 жастағы жолаушының өмірі құтқарылды. Бұл – бір ай ішінде университет түлектері әуеде қайғылы жағдайдың алдын алған екінші оқиға.
Немересімен бірге ұшқан Виктор Карпин ұшу кезінде жағдайы күрт нашарлағанын сезді. Бортсеріктер жолаушының жағдайын байқап, медициналық қызметкерді динамик арқылы шақырды. Көмекке Қарлығаш Бәкірова дереу жауап берді.
Науқас гипертониямен ауырды, бірақ дәрігердің қарауында оның қан қысымы 50/30 мм сын.бағ. дейін төмендегені анықталды, ал импульс сезілмеді. Жағдай жедел әрекет етуді қажет етті. Қарлығаш Бакирова реанимациялық іс-шараларды, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) өткізді, бұл пациенттің жағдайын уақытша тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар дәрігер шұғыл қонуды талап етті және экипаж жақын маңдағы Уфа әуежайына қонуға шешім қабылдады.
Ұшып келу кезінде Виктор Алексеевич дәрігерлердің қолына өтті, кейінірек оның жағдайы тұрақталды. Карлыгаш Бакирова жолаушының немересімен байланыста болып, дәрігерлердің кәсібилігін және оң динамиканы растады
Айта кетейік, бұл Астана медицина университетінің түлегі ұшақ бортында төтенше жағдайда өмірін сақтап қалған бір айдағы екінші жағдай. Бұған дейін осы университеттің интерні Дінмұхамед Бектұрғанов жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, Қызылорда-Астана рейсінің жолаушысын құтқарды.