Докторантура PhD-ға қабылдау үшін алдын ала іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру.

Докторантура PhD-ға қабылдау үшін алдын ала іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру.

Докторантура PhD-ға қабылдау үшін алдын ала іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру.

Құрметті үміткерлер!

2025 жылғы 3 ақпаннан бастап 2025 жылғы 11 сәуірге дейін докторантура бағдарламаларына арналған алдын ала іріктеу үшін құжаттар қабылданады:

• 8D10101 «Мейірбике ісі»;

• 8D10102 «Медицина»;

• 8D10103 «Қоғамдық денсаулық сақтау»;

• 8D10104 «Фармация».

2025 жылы докторантура PhD бағдарламасына түсуге ниет білдірген азаматтар 2025 жылғы 11 сәуірге дейін келесі құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына ұсынуы тиіс (жеке форматта немесе pk.doktorantura@amu.kz электрондық поштасы арқылы сканерленген көшірмесін).

Алдын ала іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Ұйым басшысының атына жазылған өтініш;

  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  • Резидентура немесе магистратураны аяқтағаны туралы құжаттың көшірмесі (резидентура немесе магистратурада оқығандар үшін);

  • Резидентура немесе магистратурада оқып жүргендігі туралы анықтама (резидентурада немесе магистратурада оқып жүргендер үшін);

  • Резюме (жеке деректер, жұмыс тәжірибесі, білім, дағдылар, өткен курстар, семинарлар, жобаларға қатысу, шетел тілдерін меңгеру);

  • Жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжат (магистратураны бітіргендер үшін кемінде 9 ай жұмыс өтілі болуы тиіс);

  • Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (бар болса; болмаған жағдайда, құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңінде ұсынылуы тиіс);

  • Мемлекеттік тілде емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ), Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан берілген (бар болса; болмаған жағдайда, құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңінде ұсынылуы тиіс);

  • Таңдалған мамандық бойынша эссе (қазақ немесе орыс тілдерінде, көлемі А4 форматында 2 беттің артық емес) (эссе);

  • Диссертацияның аннотациясы (қазақ немесе орыс тілдерінде) (аннотация);

  • Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар) (болған жағдайда) (ғылыми еңбектер тізімі);

  • Ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысу туралы грамоталар/дипломдар және т.б. (болған жағдайда).

Толық құжаттар пакетін тапсырған үміткерге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Онлайн форматында құжаттар тапсырылған жағдайда, үміткер құжаттардың қабылданғанын растау үшін қабылдау комиссиясына 8-778-357-94-57, 8-778-985-30-95 нөмірлері бойынша қоңырау шалып, қолхат үміткердің пошта жәшігіне жіберіледі. Құжаттардың толық емес тізімі ұсынылған жағдайда үміткердің өтініші қаралмайды. Докторантура PhD-ға бірінші қабылдау кезеңіне қатысу үшін өтініш берген үміткерлер алдын ала іріктеу комиссиясының отырысына презентация жасап, диссертациялық зерттеу аннотациясын ұсынады (тұсаукесердің регламенті 10-15 минут). Комиссияның отырысы 2025 жылғы 7 сәуір мен 15 сәуір аралығында өтеді. Алдын ала іріктеудің қорытындысы бойынша үміткердің екінші кезеңге өту-өтпеуі туралы шешім қабылданады. Шешім комиссия отырысынан кейін келесі күні университеттің веб-сайтында жарияланады. Алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді. Толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

• Сүлейменова Роза Қалдыбекқызы – 8778-357-94-57;

• Амирсеитова Фарида Толебековна – 8778-985-30-95.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика