"Астана медицина университеті" КеАҚ іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан университеттің неғұрлым дарынды жас ғалымдарын көтермелеу мақсатында жыл сайынғы "Жас Дарын" корпоративтік наградасына байқау жариялайды. Оның қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз іріктеліп, «Жас Дарын» төсбелгісімен (медалімен) марапатталып әрі ақшалай сыйлық алады.
Кім қатыса алады?
- Университетте кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар;
- 40 жасқа дейінгі университет қызметкерлері.
Қатысу шарттары:
- Конкурсқа қатысуға өтінім және номинацияны көрсете отырып, еркін нысандағы растайтын құжаттардың тізбесі;
- Фотосуреті бар түйіндеме, Researcher ID (Web of Science) және/немесе Scopus көрсетіп, еңбек кітапшасының көшірмесі қоса беріледі;
- Бөлімше басшысы куәландырған соңғы екі жылдағы (01.01.2023-01.01.2025) ғылыми және инновациялық қызмет туралы есеп;
- Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, «Жас Дарын» корпоративтік наградасын беру туралы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үміткер жұмыс істейтін университеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы куәландырған ғылыми және инновациялық қызметтің нәтижелілігі туралы есеп:
- Соңғы екі жылда ғылыми зерттеулерді орындау
- Соңғы екі жылдағы ғылыми жарияланымдар, оның ішінде мақалалар, тезистер, қысқа хабарламалар, конференция материалдары, кітап ғылыми басылымдары;
- Соңғы 2 жылдағы патенттік белсенділік;
- Соңғы екі жылда ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;
- Соңғы екі жылда халықаралық конференцияларға қатысу (қатысушы сертификатымен расталған).
Құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулық:
Әрбір растайтын құжат ол растайтын тармаққа сәйкес өзгертілуі керек. Мысалы, егер 2.1 және 3-тармақтар расталса, онда құжаттар мен қалталардың (папка) атауы келесідей өзгертілуі керек:
• 2.1 (1. Мақаланың атауы)"
• 2.1 (2. Мақаланың атауы)"
• 3 (1. Халықаралық/ ұлттық патенттің атауы)".
Құжаттарды тапсыру мерзімі:
- Өтінімдер 2025 жылғы 29 қаңтардан бастап 21 ақпанды қоса алғанда қабылданады.
Қайда жіберу керек?
- Электрондық нұсқаны - nauka@amu.kz поштасына жіберіп, хаттың тақырыбына "Жас Дарын 2025 үміткердің аты-жөні" белгілеу қажет.
- Қағаз нұсқасы - ғылыми-зерттеу қызметін дамыту орталығы, Абай көшесі, 47, 7-қабат, 709, 713, 714-кабинеттер.
Анықтама телефоны: 8 702 251 10 82.
Байқау нәтижелері университеттің ресми сайтында жарияланады.