Нидерландтың Қазақстандағы елшісі Астана медицина университетінің студенттері алдында сөз сөйледі

Нидерландтың Қазақстандағы елшісі Астана медицина университетінің студенттері алдында сөз сөйледі

Нидерландтың Қазақстандағы елшісі Астана медицина университетінің студенттері алдында сөз сөйледі

Астана медицина университетінде университет басшылығының Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерспен кездесу өтті.

Нико Схермерс пен университеттің Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін уақытша атқарушы Анар Турмұхамбетова екі елдің университеттері арасындағы білім беру мен ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті:

«Біз халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отырмыз, бұл біздің студенттер мен оқытушыларға академиялық мобильдік бағдарламаларға қатысуға, тәжірибе алмасуға және әлемдік озық тәжірибелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Нидерланды университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық бірлескен зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ шақырылған профессорлар ретінде жетекші мамандарды тарту және әлемдік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін уақытша атқарушы Анар Турмұхамбетова.

Ресми бөлімнің қорытындысы ретінде Елші Нико Схермерс сөз сөйледі, ол студенттер үшін Қазақстан мен Нидерландының экономикалық, білім беру және саяси салалардағы ынтымақтастығына арналған лекция өткізді. Ол өз елінің тарихы, экономикалық дамуы және болашақ перспективасы туралы айтып, Қазақстанмен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, әсіресе ауыл шаруашылығы мен экономика салаларын ерекше атап өтті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика