Астана медицина университетінде Тюмень облысының делегациясымен кездесу өтті

Астана медицина университетінде Тюмень облысының делегациясымен кездесу өтті

Астана медицина университетінде Тюмень облысының делегациясымен кездесу өтті

Тюмень облысынан (Ресей) келген делегация құрамында: «Инновациялар агенттігі» АКеҰ бас директоры Денис Неустроев, Тюмень облысының Инвестициялық саясат және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті Технологиялық даму бөлімінің басшысы Марина Шмарук, Тюмень мемлекеттік медицина университетінің ректоры Иван Петров және осы университеттің Стратегиялық даму дирекциясының директоры Галина Евтина болды.

Астана медицина университетінің проректоры Виталий Койков Тюмень мемлекеттік медицина университетімен 2011 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға бағытталғанын атап өтті:

«Біз Тюменьдегі әріптестерімізбен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеміз және ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайынбыз. Студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін қолдап қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру жобаларында бірлесіп жұмыс істеу маңызды».

Тюмень мемлекеттік медицина университетінің ректоры Иван Петров одан әрі серіктестікке қызығушылық танытып, халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Визит барысында тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу қызметінің болашағы, халықаралық гранттарды жүзеге асыру және медициналық технологиялар трансфері мәселелерін талқылады. Делегация симуляциялық орталықты, Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтын аралап, университеттің медициналық кадрлар даярлау және заманауи ғылыми зерттеулер саласындағы мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу медициналық білім, ғылым және инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа қадам болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика