«Астана медицина университеті» КеАҚ Мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Уаққазы Ғани Базарбекұлы Rock Steady Boxing әдістемесі бойынша нейрореабилитация үшін емдік дене шынықтыру бойынша клиникалық практиканы сәтті аяқтады. Бұл әдіс Паркинсон ауруы бар науқастарға арналған және олардың физикалық жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Тәжірибе 2024 жылдың 25 маусымы мен 4 шілдесі аралығында Rock Steady Boxing Inc. коммерциялық емес ұйымының дүниежүзілік желісінің бөлігі болып табылатын AZS-AWF спорт клубында өтті (Варшава қ.).
Бағдарламаның жетекшісі – Wojciech Wiertel - кикбоксинг бойынша мастер-класс жаттықтырушысы, II дәрежелі бокс жаттықтырушысы, Крав-мага нұсқаушысы (G1 деңгейі), Rock Steady boxing Coach сертификатталған жаттықтырушысы. Тағылымдама барысында Уаққазы ғи Базарбекұлы пациенттерді нейрореабилитациялаудың тиімділігін арттыруға бағытталған консультациялық және жаттығу сабақтарына қатысты.
Бұл тағылымдама Уаққазы Ғани Базарбекұлының PhD-диссертациялық жұмысын дайындаудың маңызды кезеңі болды және оның ғылыми зерттеуімен тікелей байланысты. Алынған білім мен практикалық тәжірибе емдік дене шынықтыру және нейрореабилитация саласындағы одан әрі зерттеулер мен жұмыстарда қолданылатын болады.
Астана медицина университеті Rock Steady Boxing Warsaw және Wojciech Wiertel командасына тәжірибеден өтуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді. Біз өз қызметкерлеріміздің кәсіби дамуға деген ұмтылысын мақтан тұтамыз және олардың медициналық көмек пен оңалтудың сапасын арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз!