Болашақ түлектер әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті

Болашақ түлектер әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті

Болашақ түлектер әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті

Астана медицина университеті денсаулық сақтау саласындағы білікті мамандарды дайындайды, олардың еңбек нарығындағы сұранысына ерекше назар аударады. Университет жұмысының негізгі бағыттарының бірі түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Жыл сайын университет әр түрлі деңгейдегі 1500-ден астам маман дайындайды: бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура. 2025 жылы 1935 түлек оқуын аяқтайды деп жоспарлануда. 60 жыл ішінде ЖОО еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек ететін 30 мыңнан астам маманды даярлады.

2025 жылғы 28 ақпанда университетте түлектер Денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шараны «Астана медицина университеті» КеАҚ проректоры Меруерт Ғазалиева ашты. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Баязитов құттықтау сөз сөйледі.

Талқылауға Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының медициналық ұйымдарының басшылары, сондай-ақ ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының, «Жемчужина Стомед» компаниялар тобының, ALPHAMED дәріханалар желісінің және жеке клиникалардың өкілдері қатысты.

Кездесуде түлектер бос жұмыс орындары, жұмыс шарттары, мансаптық мүмкіндіктер, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер, соның ішінде көтерме төлемдер, тұрғын үй және жалақыға қосымша үстемеақылар туралы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар жас мамандарға жұмыс орнын таңдауға, кәсіби ортаға бейімделуге және денсаулық сақтау саласында мансабын сәтті бастауға көмектеседі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика