Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы: Кокшетаудағы гериатрия бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар

Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы: Кокшетаудағы гериатрия бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар

Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы: Кокшетаудағы гериатрия бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар

2025 жылдың 24-28 ақпаны аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында геронтология бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өтті. Гериатрия курсымен ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, PhD, Алия Смағұлова медициналық факультеттің 100-ден астам интерніне арнайы білім беру бағдарламасын ұсынды. Бұл жоба мамандарды даярлауда маңызды қадам болды, әсіресе аймақтағы және еліміздегі халықтың қартаю үрдісін ескерсек.

Сабақтар барысында гериатрия және геронтологияның негізгі аспектілері қамтылды, оның ішінде қарттардың жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылуы және қартаю процесінде ағзадағы физиологиялық өзгерістер. Ерекше назар аударылған мәселелердің бірі — кешенді гериатриялық бағалау мен қарт пациенттердің фармакотерапиясының ерекшеліктері, соның ішінде полипрагмазия және дәрілік препараттардың кері әсер ету қаупі. Бағдарламаның соңында практикалық сабақтар өткізіліп, онда нақты нозологиялар мен олардың емдеу тәсілдері жан-жақты талқыланды.

Бұл білім беру жобасы әлемдегі демографиялық өзгерістерге байланысты болашақ дәрігерлердің біліктілігін арттырудың маңыздылығын көрсетті. Елорда мен өңірлер арасындағы білім мен тәжірибе алмасу медицина мамандарының кәсіби дағдыларын жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар қарт пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы медициналық білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер ашып, оны барынша қолжетімді етіп, қазіргі заман талаптарына сай дамытуда.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика