«Астана медицина университеті» КеАҚ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының бірінші кезеңінің қорытындыларын шығарды. Байқау ғылыми бастамаларды қолдау, студенттер арасында зерттеу қызметін дамыту және медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармацевтика және байланысты пәндер саласындағы перспективті ғылыми жобаларды анықтау мақсатында өткізіледі.
Байқау комиссиясының отырысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Медицина» бағыты
· 1 орын – Ибраев Алишер Максутұлы
Тақырыбы: «Өмірлік әл-ауқатты өлшеу: бүйрек трансплантациясын қабылдаған науқастар мен гемодиализде жатқан пациенттердің өмір сапасын бағалаудың рөлі»
Ғылыми жетекші: Землянская Наталья Сергеевна
Ғылыми консультант: Алибекова Гульжан Арыстановна.
· 2 орын – Досанова Аида Айдосовна
Тақырыбы: «Понсети әдісінің классикалық және модификацияланған
түрлерінің 5 жасқа дейінгі балаларда типтік және атипиялық маймақтықтың ауыр түрлерін емдеудегі тиімділігін салыстыру, рецидив факторларының талдауы»
Ғылыми жетекші: Трофимчук Виталий Александрович
Ғылыми консультант: Хамитов Медет Куширбаевич.
· 3 орын – Акаев Ансар Вахаұлы
Тақырыбы: «Стрептококктарға қарсы бактериофагтардың әлеуетін зерттеу»
Ғылыми жетекші: Асемова Гүлжан Данқыбекқызы
Ғылыми консультант: Бисимбаева Салия Комариденовна.
«Қоғамдық денсаулық» бағыты
· 1 орын – Адильгереева Алина Сабырбековна, Амырканова Амина Чингизовна
Тақырыбы: «Үй ішіндегі зорлық-зомбылықтың бала тұлғасының дамуына әсері»
Ғылыми жетекші: Шакей Жанаргул Шакейқызы.
· 2 орын – Идагат Акдаулет Елдосұлы, Шаихов Мәдияр Қабышұлы
Тақырыбы: «Цифрлық технологиялар денсаулық сақтау саласындағы құқықтық сауатсыздық мәселесін шешу құралы ретінде»
Ғылыми жетекші: Уажанов Маргулан Уалханович.
· 3 орын – Алтай Тоғжан Алматқызы
Тақырыбы: «Токсикалық позитивтілік: оптимизм зиянды болғанда»
Ғылыми жетекші: Шакей Жанаргул Шакейқызы.
«Фармация» бағыты
· 1 орын – Кайдарова Аружан Рамазанқызы, Кадралинова Зарина Дэулетовна
Тақырыбы: «Биоматериалдан оқшауланған кетотифенді сапалы анықтау әдістерін әзірлеу»
Ғылыми жетекші: Шукирбекова Алма Боранбековна
Ғылыми консультант: Мірзакір Құндызай Мұрапбайқызы.
· 2 орын – Алиева Назым Саматқызы, Шаихов Мәдияр Қабышұлы
Тақырыбы: «Қарапайым қара бас (Prunella vulgaris) экстрактілерінің антиоксиданттық, антирадикальдық белсенділігін in vitro және гепатопротекторлық әлеуетін in vivo кешенді бағалау»
Ғылыми жетекші: Дюсекеева Сания Бауыржановна
Ғылыми консультант: Сапиева Ардак Оналбековна.
«Педиатрия» бағыты
· 1 орын – Мухамадова Асем Асканқызы
Тақырыбы: «Экран уақытын көп пайдалану баланың когнитивті функцияларының дамуына әсері»
Ғылыми жетекші: Байгенжеева Раушан Кужатовна.
· 2 орын – Қыпшақбай Диана Қайратқызы
Тақырыбы: «Балалардағы созылмалы дерматоздардың дамуына психосоматикалық факторлардың рөлі»
Ғылыми жетекші: Ибраева Торғын Берікжанқызы.
Айта кету керек, I кезеңнің жеңімпаздары келесі кезеңге өтіп, өз зерттеулерін кеңейтілген сарапшылар комиссиясына ұсынады.
Астана медицина университеті барлық қатысушы студенттерге, олардың ғылыми жетекшілеріне және консультанттарына атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреді. Студенттік ғылым – инновациялар мен медицинаның дамуына маңызды қадам болып табылады деп сенеміз. Келешек зерттеулерде сәттілік тілейміз!