Болашақ педиатрлар арасындағы олимпиада қалай өтті?

Болашақ педиатрлар арасындағы олимпиада қалай өтті?

Болашақ педиатрлар арасындағы олимпиада қалай өтті?

Астана медициналық университетінде «Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология» кафедрасының ұйымдастыруымен 2-курс студенттері арасында «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданың ғылыми жетекшілігін кафедраның жетекші мамандары – м.ғ.к., профессор Әсемова Г. Д., аға оқытушылар, медицина ғылымдарының магистрлері Ботбаева М.Т., Сарсенова А. Г-А., Акимбекова Э.М. және Дүйсебекова Г. П. атқарды.

Қазылар алқасының құрамына кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дусмагамбетов М.У., б.ғ.к., профессор Рахметова Н.Б., м.ғ.к., профессор Әсемова Г.Д., м.ғ.к., профессор Үрекешев Б.С., сондай-ақ шақырылған сарапшылар – Педиатрия мектебінің деканы Карибжанов Айтбек Ануарбекұлы, В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының профессоры Бегларова Гүлшахар Еркінқызы, А.Б. Аубакиров атындағы адам анатомиясы кафедрасының профессоры Жаналиева Марина Кубенқызы және патологиялық анатомия кафедрасының доценті Смайлова Гүлзира Құлыбекқызы кірді.

Іріктеу кезеңіне 100-ден астам 2-курс студенті қатысып, олардың арасынан ең жоғары балл жинаған 35 студент келесі кезеңге өтті. Жеребе арқылы олар 8 командаға бөлінді.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Жалпы микробиология» бойынша 30 интерактивті сұрақтан құралды. Ол микроорганизмдердің морфологиясы мен физиологиясын, инфекция және иммунитет тақырыптарын қамтыды. Екінші кезеңде студенттер кроссворд шешіп, сәйкестендіру тапсырмаларын орындады. Үшінші кезең клиникалық жағдайларға негізделген тапсырмалардан тұрып, студенттер оларға ауызша жауап берді. Барлық кезеңдер әділқазылар алқасының алдын ала белгіленген критерийлері бойынша бағаланды.

Студенттер жалпы және арнайы микробиология бойынша терең білімдерін көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Қазақ тобы арасында I орынды «INFECTA» командасы иеленді, II орынды «VITALIS» және «COCCOLILY» командалары бөлісті, ал III орынды «LIBREX» және «PHOENIX» командалары қанжығасына байлады. Орыс тобы арасында I орын «AUREUS» командасына бұйырса, II орынды «PATHOGENIUS», III орынды «LEGIONELLA» командасы иеленді.

Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы Педиатрия мектебінің профессор-оқытушылар құрамына және студенттеріне белсенді қатысып, жоғары деңгейде дайындалғаны үшін шынайы алғысын білдіреді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика