Астана медицина университеті мен Франция: денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері

Астана медицина университеті мен Франция: денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері

Астана медицина университеті мен Франция: денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері

Астана медицина университетіне қоғамдық денсаулық сақтау саласының сарапшысы, профессор Мишель және Францияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Александра бастаған француз делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында бірлескен магистрлік бағдарламалар, академиялық алмасулар, тағылымдамалар және кәсіби қайта даярлау перспективалары талқыланды. Қоғамдық денсаулық сақтау, санитариялық бақылау, медициналық-әлеуметтік мекемелерді басқару және медициналық менеджерлерді даярлау бағыттары ерекше қызығушылық тудырды.

Француз тарапы EHESP қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің білім беру мүмкіндіктерін таныстырып, госпитальдық менеджмент, эпидемиология, биостатистика және цифрлық медицина салаларында білікті мамандарға деген жоғары сұранысты атап өтті.

Франция Елшілігінің өкілі Erasmus+, TAIEX, Абай-Верн және «Болашақ» сияқты қолжетімді стипендиялық бағдарламалар туралы айтып берді. Бағдарламалардың көпшілігі ағылшын тілінде жүзеге асырылады, алайда француз тілін білу қосымша артықшылық болып саналуы мүмкін.

Ерекше назар су қауіпсіздігі мен санитария мәселелеріне байланысты One Health халықаралық бастамасына аударылды. Француз делегациясы университетті бірлескен жобаларға, соның ішінде Сент-Этьен университетімен серіктестікті қарастыруға шақырды.

Тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың нақты бағыттары бойынша бірлескен жұмысты бастауға дайын екендерін жеткізді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика