Трансплантология саласындағы түрік сарапшылары Астана медицина университетіне барды

Трансплантология саласындағы түрік сарапшылары Астана медицина университетіне барды

Трансплантология саласындағы түрік сарапшылары Астана медицина университетіне барды

Астана медицина университетінде Түркия трансплантология қорының өкілдерімен кездесу өтті. Сапар аясында кадрларды даярлау, кәсіби құзыреттілікті дамыту және трансплантология саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Делегацияны Түркия трансплантология қорының директорлар кеңесінің төрағасы Kahveci Eyüp және қордың үйлестірушісі Gamze Yildirim бастап келді.

Қазақстандық тараптан кездесуге ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситказинов, сондай-ақ Астана медицина университетінің проректорлары Виталий Койков пен Меруерт Газалиева қатысты.

Тараптар тәжірибе алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және трансплантология саласында мамандар даярлау мүмкіндіктерін талқылады. Ерекше назар дәрігерлермен қатар орта буын медицина қызметкерлерін оқытуға, сондай-ақ ең жоғары деңгейде көмек көрсете алатын мультидисциплинарлық командалар қалыптастыруға аударылды.

«Біздің трансплантологиядағы күш-жігеріміз тірі донорлардан ағзаларды трансплантациялау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Бұл кадрларды үнемі даярлауды, стандарттарды жетілдіруді және медициналық және білім беру ұйымдарының тығыз ынтымақтастығын талап етеді. Біз қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық осы салада жаңа перспективалар ашатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Түркия трансплантология Қорының директорлар кеңесінің төрағасы Kahveci Eyüp.

Өз кезегінде Астана медицина университетінің проректоры Виталий Койков жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытудағы халықаралық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті:

«Білім алмасу және білім беру бағдарламаларын бірлесіп дамыту бізге халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Біз оқытудың тәжірибеге негізделген тәсіліне қызығушылық білдіреміз және түрік әріптестерімен ынтымақтастық мүмкіндігіне қуаныштымыз».

Сапар қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және трансплантология саласындағы мамандарды даярлау мен біліктілігін арттырудың бірлескен бағдарламаларын әзірлеуге кірісуге келісті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика