2025 жылғы 8 сәуірде Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің бесінші кездесуі өтті. Кездесу бағдарламасының бір бөлігі биоқауіпсіздік, ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою болды.
Іс-шара аясында Астана медицина университетінің ректоры Анар Тұрмұхамбетова ТМҰ мүше мемлекеттердің бірқатар жетекші медициналық мекемелерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Олардың қатарында:
· Әзиз Әлиев атындағы Әзербайжан мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты (Әзербайжан)
· И.Қ. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы (Қырғызстан)
· Түркия Республикасы денсаулық сақтау институты (Түркия)
· Қарақалпақстан медицина университеті (Өзбекстан)
Қол қойылған келісімдер медициналық білім беру, тәжірибе алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға негізделген.