Астана медицина университетінде қан донорлығына арналған ақпараттық дәрісі өтті. Спикер ретінде қан орталығының донорлық кадрларды жасақтау бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Сағамбаева сөз сөйледі.
Болашақ дәрігерлерге донорлықтың неліктен заманауи медицинаның маңызды бөлігі болып қала беретіні, донорларға қандай талаптар қойылатыны және қан тапсыруға қалай дұрыс дайындалу керектігі айтылды.
«Қан – бұл синтезделмейтін таптырмас ресурс. Ол үш компонентке бөлінеді – қызыл қан жасушалары (эритроциттер), плазма және тромбоциттер – және олардың әрқайсысы көптеген аурулар мен жарақаттарды емдеуде шешуші рөл атқарады. Донорлық пациент үшін де, донор үшін де қауіпсіз болуы тиіс», – деп атап өтті Әйгерім Сағамбаева.
Дәріс барысында қан тапсыру кезеңдері мен міндетті шарттар егжей-тегжейлі қарастырылды: рәсім ерікті және тегін болуы керек. Сондай – ақ маңызды медициналық критерийлер айтылды: донордың минималды салмағы – 50 кг, бойы-кем дегенде 150 см.студенттерге донацияға дайындық ережелері туралы еске салынды: жақсы ұйықтау керек, майлы тағамдар мен алкогольден бас тарту керек, антибиотиктер мен анальгетиктерді қабылдаумау керек.
Естеріңізге сала кетейік, әркімнің қан тапсыруға қадам жасай отырып, біреу үшін батыр болуға мүмкіндігі бар. Барлығын донорлық күніне қатысуға шақырамыз!
Күні мен уақыты: 11 сәуір 09:00-ден 14:00-ге дейін
Өтетін орны: Симуляциялық орталық (504 кабинет)