Астана медицина университетінің білім алушылары Францияда оқуға мүмкіндік алады

Астана медицина университетінің білім алушылары Францияда оқуға мүмкіндік алады

Астана медицина университетінің білім алушылары Францияда оқуға мүмкіндік алады

Астана медицина университетінің студенттері Францияда білім ала алады. Бұл бастама Париж-Сакле университетінің биотехнология бағдарламасының жетекшісі Сильвен Фиссон мен университет ректоры Анар Тұрмұхамбетова арасындағы келіссөздер нәтижесінде жүзеге асырылды.

Олар Астанада кездесу өткізіп, жас ғалымдарды даярлау мен бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге CIPREVO компаниясының бас директоры Грегуар Прево және Жерорта теңізі молекулалық медицина орталығының профессоры Натали Мазюр қатысты.

Сондай-ақ тараптар бірлескен зерттеулер басталатын бағыттарды айқындады. Атап айтқанда – биотерапия және биоинформатика, сонымен қатар студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау туралы.

Ректор Анар Тұрмұхамбетова жаңа жобаларды, ғылыми зерттеулер мен тағылымдамаларды дамытуға дайын екендігін білдірді. Ол болашақ ғылыми зерттеулердің негізін қалау мақсатында «Абай-Верн» және «Erasmus+» стипендиялық бағдарламарының мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

«Астанада ғылыми зерттеулер үшін үлкен мүмкіндіктер бар және біз әріптестеріміздің ресурстары мен зертханаларын тиімді пайдалана аламыз. Сондықтан бұл ынтымақтастық нәтижесінде университетте де, елде де ғылымның қозғаушы күшіне айналатын жас ғалымдар тобының құрылуы аса маңызды», - деп атап өтті ректор.

Өз кезегінде Грегуар Прево Қазақстанмен ынтымақтастық 2019 жылдан бастап белсенді дамып келе жатқанын атап өтті:

«Қазақстан университеттерімен бірлескен жобалар онкологиялық ауруларға қарсы жаңа препараттарды әзірлеуге бағытталған зерттеулер жүргізілуде. Біз одан әрі даму үшін зор әлеуетті көріп отырмыз және биотехнология саласындағы тәжірибеміз Қазақстанға пайдалы болады деп сенеміз», – деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлеуді қоса алғанда, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды. Жақын арада тараптар меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл құжат бірлескен жұмысты іске асырудың келесі кезеңдеріне негіз болмақ.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика