«Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» XII Конгресс және «Муковисцидоз: бүгіні мен болашағы» III Республикалық форум

«Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» XII Конгресс және «Муковисцидоз: бүгіні мен болашағы» III Республикалық форум

 «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» XII Конгресс және «Муковисцидоз: бүгіні мен болашағы» III Республикалық форум

Үш күндік пікірталас, ғылым және тәжірибе алмасу

 

2025 жылдын 17-19 сәуір аралығында Астанада «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» XII конгресі және «Муковисцидоз: бүгіні мен болашағы» III республикалық форумы өтті. Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университеті және «Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы» ҚБ бірлесіп ұйымдастырды.

 

Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елдерден дәрігерлер, ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен жас мамандар жиналды. Қатысушылар астма мен инфекцияларды емдеуден бастап сирек кездесетін өкпе аурулары мен диагностиканың жаңа әдістеріне дейінгі ең өзекті тақырыптарды талқылады.

 

Конгресс гибридті форматта өтті: офлайн және онлайн. Үш күн ішінде дәрістер, симпозиумдар, шеберлік сыныптары және жас ғалымдар байқауы өтті.

 

Конгрессті ашқан Астана медицина университетінің проректоры Виталий Койков:

«Бұл конгресс он екінші рет өткізіліп отыр және тыныс алу медицинасы саласындағы заманауи жетістіктер мен инновацияларды талқылайтын маңызды алаңға айналды».

 

Конгресс кәсіби қоғамдастық үшін маңызды оқиға болды: респираторлық медицинаның дамуы — білімді үнемі жаңартып отыруды, халықаралық ынтымақтастықты және жас мамандардың белсенді қатысуын талап етеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика