Шымкент қаласындағы «Медицина мен фармациядағы заманауи білім беру технологиялары: болашақтағы талаптар мен перспективалар» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

Шымкент қаласындағы «Медицина мен фармациядағы заманауи білім беру технологиялары: болашақтағы талаптар мен перспективалар» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

Шымкент қаласындағы  «Медицина мен фармациядағы заманауи білім беру технологиялары: болашақтағы талаптар мен перспективалар» тақырыбындағы  Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

2025 жылдың 25 сәуірінде Шымкент қаласында «Медицина мен фармациядағы заманауи білім беру технологиялары: болашақтағы талаптар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Іс-шараны Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жөніндегі оқу-әдістемелік бірлестігі ұйымдастырды.

Іс-шара гибридті форматта: офлайн және онлайн түрде өтті. Конференция бағдарламасы келесі секциялық отырыстарды қамтыды: «Soft-skills дағдыларды қалыптастырудағы жалпы білім беру пәндерінің рөлі», «Цифрлық білім беру ортасы және жобалық оқыту», «Фармацевтикалық білім берудің болашағы: ғылым, технология және тәжірибенің интеграциясы», «Біріктірілген медициналық білім: инновациялар мен тәжірибеде қолданудан бастап», «Клиникалық оқыту: симуляциядан тәжірибеге дейін».

«Денсаулық сақтау» даярлық бағыты бойынша РОӘК ОӘБ төрағасының орынбасары Имашева Бағдат Сәкенқызы конференцияны салтанатты түрде аша отырып, өз сөзінде: «Инновациялық саясатты дамыту интеграцияланған медициналық білім беруде басымдыққа айналуы тиіс. Білім берудегі ғылым, технология және тәжірибенің интеграциясы іргелі және клиникалық ғылымдар арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосуда», - деп атап өтті.

Конференцияның ашылу салтанатына Башқұрт мемлекеттік университетінің профессоры, фармацевтика ғылымдарының докторы Наталья Владимировна Кудашкина және философия ғылымдарының докторы, Ташкент педиатриялық медицина институтының доценті Нурходжаев Собир Насирходжаевич қатысты.

Конференцияға Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларымен бірге Санкт-Петербург, Уфа, Башқұртстан, Самарқанд, Ташкенттен келген сарапшылар қатысты.

Қатысушылар мен қонақтар конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және кеңейтілген бағдарламаны атап өтті.

Іс-шара медицина мен фармацевтикадағы білім беру технологияларының міндеттері мен болашағын белсенді талқылау қажет екенін және кәсіби қоғамдастыққа заманауи медициналық және фармацевтикалық білім берудің алдында тұрған шешімдерді табуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика