Қазақстанда алғаш рет «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесі берілді

Қазақстанда алғаш рет «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесі берілді

Қазақстанда алғаш рет «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесі берілді

Бұл тарихи оқиға Қазақстанның медициналық білім беру саласындағы маңызды жетістік болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес елімізде алғаш рет Астана медицина университетінің докторанты Александра Машариповаға «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Ол докторантурада оқуын сәтті аяқтап, «Қазақстан Республикасында паллиативтік мейіргерлік көмекті жетілдіру» тақырыбында диссертация қорғады.

Ғылыми зерттеу «Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығы» ЗТБ қолдауымен «Астана медицина университеті» КеАҚ дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының базасында орындалды. Диссертациялық жұмыстың жетекшілері: Нұрғалиева Насихат Кәкімжанқызы, PhD, доцент және Дербисалина Гүлмира Ажмадинқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі.

«Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы алғаш рет Қазақстанда 2020 жылы мейіргер ісі саласындағы мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту шеңберінде енгізілді. Бағдарламаның негізгі жобаларының бірі мейіргерлік ғылымды дамытуға, зерттеу әлеуетін күшейтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау және медициналық білім беру саласындағы басқару мен практиканы жаңғыртуға бағытталған Erasmus+ AccelEd («Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргерлік істі жетілдіру») халықаралық жобасы болды.

Астана медицина университеті PhD докторы дәрежесіне ие болған Машарипова Александра Владимировнаны және оның ғылыми жетекшілерін жоғары нәтижемен құттықтайды, ғылыми және кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейді!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика