АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ТАИЛАНДТА ӨТЕТІН «ENACTUS World Cup 2025» ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТЫНАН ҚАТЫСАДЫ

АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ТАИЛАНДТА ӨТЕТІН «ENACTUS World Cup 2025» ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТЫНАН ҚАТЫСАДЫ

АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ТАИЛАНДТА ӨТЕТІН «ENACTUS World Cup 2025» ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТЫНАН ҚАТЫСАДЫ

Тәуелсіздік сарайында Enactus халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған студенттік кәсіпкерліктің 30 жылдығына арналған Enactus Kazakhstan National Expo 2025 ұлттық көрмесі өтті. Бұл — үздік студенттік жобалар ұсынылатын жыл сайынғы байқау.

Екі күндік байқаудағы нәтижелі өнер көрсетуінің арқасында университет командасы 15 команда арасында 1 орынға ие болып, елімізді әлемдік аренада таныстыруға мүмкіндік алды.

- «Осы жылдың қыркүйек айында Таиландтың Бангкок қаласында өтетін Enactus World Cup әлем чемпионатында «ZhanCare» жобасын ұсынуға мүмкіндігіміз бар. Бұл біз үшін үлкен жеңіс», - деді команда капитаны Әділхан Мұсылманбеков.

Айта кетейік, Астана медицина университетіндегі Enactus командасы 2017 жылдың қазан айында құрылған. Содан бері команда жыл сайын өз жобаларын жүзеге асыруға арналған гранттарға ие болып келеді. Сонымен қатар, Enactus National Expo ұлттық кәсіпкерлік чемпионатында тұрақты түрде жүлделі орындарға қол жеткізеді.

2024 жылы Астана медицина университетіндегі Enactus командасы студенттік ұйымдар арасында үздік деп танылды. Ал команданың ұраны «Мұның бәрі бекер емес!» әрбір күш-жігер мен шешімнің маңыздылығына деген сенімді білдіреді.

– «Біз қоғамға үлес қосуға, адамдардың өмірін жақсартуға және қиындықтарға қарамастан оң өзгерістерге қол жеткізуге тырысамыз. Бұл біздің жұмысымыздың шынымен маңызды екеніне сенуге шабыттандырады», - деп атап өтті команда капитаны.

Enactus Kazakhstan National Expo халықаралық бағдарламасы 50 жылдан бері әлемнің 35 елінде студенттік кәсіпкерлікті дамытып келеді. Оған жыл сайын 1,8 мың университет, 72 мыңнан астам қатысушы қатысады. Бүгінгі таңда Enactus аясында 4 мыңнан астам жоба іске асырылды.

ENACTUS – бұл жай ғана конкурс емес, кәсіпкерлік пен Тұрақты даму арқылы қоғамды өзгерту ниетімен біріктірілген пікірлестердің алаңы. Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 30 мыңнан астам жас инноваторлар мен көшбасшылар қатысты. Барлығы 230 өтінім, 189 команда және ондаған жоба ұсынылды, олар қазірдің өзінде Enactus тек жастар байқауы емес, кәсіпкерлік арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды құруға бағытталған жаһандық қозғалыс екенін дәлелдейді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов және Enactus Kazakhstan президенті Альбина Ержанова қатысты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика