Астана медицина университетінің резидент-пульмонологтары астмамен ауыратын елорда тұрғындары үшін ақпараттық жұмыс жүргізеді

Астана медицина университетінің резидент-пульмонологтары астмамен ауыратын елорда тұрғындары үшін ақпараттық жұмыс жүргізеді

Астана медицина университетінің резидент-пульмонологтары астмамен ауыратын елорда тұрғындары үшін ақпараттық жұмыс жүргізеді

5-6 мамыр Дүниежүзілік астмамен күрес күні аясында «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Ұлттық респираторлық медицина қоғамы» РҚБ, «Қазақстандық жас көшбасшылар қауымдастығы» РҚБ Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен демікпемен ауыратын науқастар мен медицина қызметкерлері үшін Астма Күндерін ұйымдастырады.

Екі күн ішінде қаланың 8 емханасында (№1,2,4,5,7,8,9,10) пациенттерді қабылдау, сондай-ақ дәрігерлерге демікпені диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізіледі.

Пациенттермен жұмыс сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сағат 12.00-ден бастап емхана дәрігерлеріне арналған оқыту семинарлары жоспарланған.

Науқастармен ақпараттық жұмысқа «Астана медицина университеті» КеАҚ резидент-пульмонологтары Респираторлық медицина ҒЗИ және гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстары бар ішкі аурулар кафедрасының жетекшілігімен белсенді қатысады.

Дәрігерлерге арналған оқыту семинарларын тәжірибелі пульмонологтар, профессорлар мен доценттер: м.ғ.д., профессор Айнабекова Б.А., м.ғ.д. Латыпова Н. А., м.ғ.к. Гаркалов К.А., м.ғ.к. Трофимова С.В. жүргізеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика