Астана мен Гуанчжоу жаңа буын дәрігерлерін даярлау үшін күш біріктіруде

Астана мен Гуанчжоу жаңа буын дәрігерлерін даярлау үшін күш біріктіруде

Астана мен Гуанчжоу жаңа буын дәрігерлерін даярлау үшін күш біріктіруде

Астана медицина университеті Гуанчжоу медициналық университетінің (ҚХР) президенті Чжао Шыңжаң бастаған делегацияны қабылдады. Сапар медициналық білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа форматтарын дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Кездесудің басты оқиғасы Астана медицина университеті базасында алғашқы халықаралық симуляциялық орталық — Guangzhou Medical University Overseas Medical Training Center ашылуы болды. Орталық тәжірибе алмасуға, бірлескен оқыту іс-шараларын және шеберлік сабақтарын өткізуге, сондай-ақ резиденттер мен дәрігерлерді даярлау үшін пайдаланылатын болады. Ол кәсіби өсу мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған тиімді платформаға айналады.

Сапар барысында тараптар академиялық алмасуларды, бірлескен ғылыми жобаларды, жазғы мектептер мен тағылымдамаларды қамтитын стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі келісімге қол қойды.

Астана медицина университетінің ректоры Анар Тұрмұхамбетова орталықтың ашылуын ЖОО тарихындағы маңызды оқиға деп атады:

«Бұл – біз Гуанчжоу университетімен бірлесіп ашып отырған алғашқы халықаралық симуляциялық оқу орталығы. Біздің университет үшін маңызды алғашқы қадам және жаңа кезеңнің бастамасы. Әріптестерімді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын және орталық тек резиденттерге ғана емес, тәжірибелі дәрігерлерге де арналған білім беру алаңына айналады деп сенемін. Біз Гуанчжоу университетінің студенттерін академиялық ұтқырлықты дамыту, жазғы мектептер өткізу және бірлескен жобалар ұйымдастыру үшін қуанышпен күтеміз».

Кездесу соңында «Medical education workshop: How medical schools cultivate innovative talents» халықаралық семинары өтті, онда Қазақстан мен Қытайдан келген жетекші сарапшылар медициналық кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдеріне көзқарастарымен алмасты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика