Өткізілу күні: 2025 жылғы 16 мамыр
Өтетін орны: «Астана медицина университеті» КЕАҚ, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А, Мәжіліс залы
Уақыты: 09:00–15:00 (тіркеу – 08:00–08:45 аралығы)
Форматы: дәстүрлі (бетпе-бет қатысу)
Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын
Қатысу – тегін
Конференцияның мақсаты: бастапқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының, ғылыми қауымдастық пен медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларының күшін біріктіре отырып, терапия саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және дәлелді медицинаға негізделген заманауи тәсілдерді енгізу. Конференция тәжірибе алмасуға, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, клиникалық ұсынымдарды тәжірибеге енгізуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Іс-шараның маңыздылығы: Қазіргі медицина үнемі жаңартылып отыратын білім мен практикалық дағдыларды талап етеді. Бұл конференция – дәрігерлер, ғалымдар, оқытушылар мен денсаулық сақтау саласының өкілдері арасында кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Іс-шара Қазақстанда және шетелде бастапқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Қатысуға шақырылады: Жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, мейіргерлер, бас дәрігерлер, жас ғалымдар, медициналық ЖОО мен колледждердің оқытушылары, денсаулық сақтау басқармаларының, қоғамдық ұйымдар мен кәсіби қауымдастықтардың өкілдері (Қазақстан мен шетелден).
Конференция бағдарламасы:
Пленарлық отырыс (09:00–10:30);
Жас ғалымдар секциясы (10:30–13:00) – студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен.
Конференция соңында тіркелген барлық қатысушыларға академиялық кредиттері көрсетілген электронды сертификаттар табысталады.