Халықаралық мейіргерлер күні

Халықаралық мейіргерлер күні

Халықаралық мейіргерлер күні

Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық мейіргерлер күні атап өтіледі.

Бұл іс-шара мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөлін айқындайды.

Осы орайда, 2019 жылы Астана медицина университетінде мейіргер ісі факультеті мен кафедрасы құрылды.

Факультет ашылған күннен бастап «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 110 студент денсаулық сақтау бакалавры дәрежесімен оқуын аяқтады. Барлық түлектер 100% жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі таңда Астана медицина университетінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 119 бакалавр, сондай-ақ «Мейіргерлік ғылым» мамандығы бойынша 1 магистрант пен 5 докторант білім алуда.

Кәсіби мерекемен студенттер мен оқытушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс пен зор денсаулық тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика