Іс-шара: 2025 жылғы 9-13 маусым аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік маман ретінде биология ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің ҚКББ ФМББМ Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясы патологиялық анатомия кафедрасының профессоры Лариса Эдуардовна Завалишинаның қатысуымен дәрістер мен шеберлік сағаттар циклін өткізеді.
Спикер туралы: 2010 жылдан бастап Лариса Эдуардовна Завалишина Ресей медициналық үздіксіз кәсіби білім беру академиясының патологиялық анатомия кафедрасында профессор қызметін атқарып келеді.
Негізгі қызмет бағыттары:
- патологоанатом дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру циклдарын өткізу;
- иммуногистохимиялық әдістер мен in situ гибридизация әдістеріне оқыту;
- сүйемелдеу фармакодиагностикасының маркерлерін зерттеу және онкологиялық ауруларды диагностикалауда оларды қолдану бойынша тренингтер өткізу.
Ғылыми қызметі:
- отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы;
- 7 практикалық нұсқаулықтың, 2 патенттің, 5 медициналық технологияның, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің сүт безі обыры бойынша клиникалық ұсынымдарының бірлескен авторы;
- оның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды.
Қатысушылар: іс-шараға тек студенттер ғана емес, сонымен қатар оқытушылар мен университет қызметкерлері де қатыса алады.
Тіркелу міндетті!
Қатысу үшін 2025 жылғы 30 мамырға дейін тіркеу формасын толтыру қажет.
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/D3BH181dpdBuVX7d8