Іс-шара: 2025 жылғы 9-13 маусым аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ шетелдік маман (академиялық ұтқырлық шеңберінде) медицина ғылымдарының докторы, профессор, полимикробтық инфекциялар мен биофильмдердің молекулярлық-генетикалық зертханасының директоры Александр Владимирович Свидзинскийді (Берлин, Германия) шақыра отырып, дәрістер мен мастер-класстар циклін өткізеді.
Спикер: Александр Свидзинский — И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің Ф.Ф. Эрисман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау институтының жалпы гигиена кафедрасының профессоры, Гумбольдт атындағы Берлин университетінің молекулалық-генетикалық зертханасының директоры. Жұқпалы ауруларды, биофильмдерді және әйелдердің репродуктивті денсаулығын молекулалық диагностикалау саласында бай халықаралық тәжірибесі бар.
Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің (ҮИМБ) кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан аумағында гинекологиялық ауруларды диагностикалау үшін инновациялық әдісті: ГиНам – орнында рибосомалық гибридтеу әдісін (ribosomal gene 16/23s fluorescence in situ hybridization) енгізуді талқылау жоспарлануда.
Курстың мақсаттары:
- гинекологиялық ауруларды ерте анықтау мен алдын алудың заманауи тәсілдерін енгізу;
- акушерлік-гинекологиялық асқынулар санының төмендеуі;
- әйелдердің репродуктивті денсаулығын жақсарту;
- профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру;
- халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
- ғылыми-техникалық әлеуеттің арттыру;
- медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- жүктілік қаупін бақылаудың тиімді әдістерін енгізу;
- акушерлік және гинекология саласында медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту.
Қатысушылар: оқытушылар, білім алушылар және университет қызметкерлері.
Тіркелу міндетті!
Қатысу үшін тіркеу нысанын 2025 жылғы 30 мамырға дейін толтыру қажет.
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/KbMfBstX43ksaMeM6