Болашақ үздік стоматологтар үшін жылдың басты оқиғасы

Болашақ үздік стоматологтар үшін жылдың басты оқиғасы

Болашақ үздік стоматологтар үшін жылдың басты оқиғасы

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қазақстан студент-стоматологтар қауымдастығының (DAS.KZ) ұйымдастыруымен Алматы қаласында студенттер мен жас стоматологтардың жыл сайынғы Ұлттық конгресі өтті. Іс-шара аясында дәрістер, шеберлік сабақтары, олимпиадалар, сондай-ақ клиникалық күрделі жағдайларды талқылауға арналған ашық пікірталастар ұйымдастырылды.

Астана медицина университетінің «Стоматология» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Меруерт Тукенова конгресс аясында «Ортодонтия» пәні бойынша өткен олимпиадаға қатысып, 12 үміткердің арасынан үздік нәтиже көрсетті. Жеңісті өнер көрсетуінің нәтижесінде ол I дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – оның табандылығы мен Стоматология мектебінің деканы Деточкина В.Р. тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі.

Университет ұжымы Меруертті лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтап, кәсіби жолында толағай табыстар тілейді!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика