Астана медицина университетінде ресейлік әріптестермен бірге медицина кадрларын даярлау мәселелері талқыланды

Астана медицина университетінде ресейлік әріптестермен бірге медицина кадрларын даярлау мәселелері талқыланды

Астана медицина университетінде ресейлік әріптестермен бірге медицина кадрларын даярлау мәселелері талқыланды

Астана медицина университетінің медициналық құқық және этика кафедрасының базасында Саратов мемлекеттік заң академиясымен бірлесе отырып «Қазақстан мен Ресейдің конституциялық дамуы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел алғаш рет өткізілді. Аталған жоғары оқу орны медициналық құқық саласы бойынша мамандар даярлап, университетіміздің сенімді серіктесі болып табылады.

Іс-шараға конституциялық және медициналық құқық саласындағы Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары қатысты. Zoom платформасы арқылы өткен отырыста азаматтардың денсаулық сақтау құқығын іске асырудағы заманауи сын-қатерлер, денсаулық сақтау саласындағы реформаларды құқықтық қамтамасыз ету қажеттілігі, сондай-ақ медицина кадрларын даярлаудың жаңа тәсілдері сынды маңызды мәселелер талқыланды.

Қазақстан мен Ресейдің конституциялық дамуы әлеуметтік құқықтарды, соның ішінде денсаулық сақтау, білім алу, жеке деректерді қорғау және әділ сот ісін жүргізу құқықтарын күшейту бағытында жүзеге асырылып келеді. Алайда, тараптар бұл құқықтардың орындалу деңгейінде институционалдық және нормативтік нығайтуды қажет ететінін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар заң және медицина жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, білім беру және зерттеу бағдарламаларын дамытуға, сондай-ақ құқықтық білім беруді жаңғырту мен конституциялық өзгерістер жағдайында пәнаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жоғары оқу орындар арасында резолюцияны әзірлеуге қызығушылық танытты. Осы мақсатта бұл дөңгелек үстелді жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика