Астанада ғылыми конференция аясында терапияның өзекті мәселелері талқыланды

Астанада ғылыми конференция аясында терапияның өзекті мәселелері талқыланды

Астанада ғылыми конференция аясында терапияның өзекті мәселелері талқыланды

Астана медицина университетінде «Дәлелді медицина тұрғыдан терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Халықаралық отбасылық дәрігер күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жетекші медициналық мекемелер мен жоғары оқу орындарының мамандарын жинады.

 

Конференцияны ұйымдастырушы – дәлелді медицина курсымен бірге жалпы дәрігерлік практика кафедрасы «Астана медицина университеті» КеАҚ. Конференция терапия және бастапқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы ғылыми деректермен, клиникалық тәжірибемен және практикалық әзірлемелермен алмасу алаңына айналды.

 

Конференцияға қатысушыларға университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Виталий Викторович Койков құттықтау сөзін жолдады.

 

«Конференция бағдарламасы шынымен мазмұнды. Баяндамалар клиникалық медицина мен профилактика мәселелеріне, сондай-ақ дәлелді медицина саласындағы негізгі жаңашылдықтарға арналған. Әсіресе жас ғалымдардың, студенттердің, резиденттер мен докторанттардың белсенділігін ерекше атап өткім келеді», – деді Виталий Койков.

 

Жас ғалымдар секциясына ерекше назар аударылды. Студенттер, резиденттер мен докторанттар мальнутриция, инсульттен кейінгі когнитивті бұзылыстар, балалардағы жұқпалы аурулардың ерекшеліктері, ББЗ қолдану қауіп факторлары, сондай-ақ вакцинация, созылмалы бүйрек ауруы және ұшақпен ұшу кезінде тромбоздың даму қаупі бойынша зерттеулерін ұсынды. Үздік баяндамалар тәуелсіз сараптамалық комиссияның шешімімен дипломдармен марапатталды.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика