Астана медицина университетінде «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери медицинаның рөлі» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға медицина саласының жетекші сарапшылары, оқытушылар, әскери дәрігерлер және студенттер қатысты.
Конференцияны ұйымдастырған «Астана медицина университеті» КеАҚ және «Бас әскери клиникалық госпиталь» РМҚК. Қатысушылар әскерді медициналық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жолдарын, әскери дәрігерлерді даярлау жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелерді, сондай-ақ емдеу тәжірибесін далалық жағдайларға бейімдеу мәселелерін талқылады.
Конференцияның басты оқиғасы – әскерді медициналық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жолдарын талқылаған пленарлық сессия болды. Қатысушылар әскери дәрігерлерді даярлау жүйесіндегі өзекті сын-қатерлерге, сондай-ақ емдеу практикаларын далалық жағдайларға бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жаңғырту, симуляциялық тренингтерді әзірлеу және қазіргі заманғы әскери медицинаның талаптарына сай инновациялық оқыту әдістерін енгізу қажеттілігі атап өтілді.
«Әскери дәрігерлер дәстүрлі түрде жалпы медицина бағдарламалары аясында дайындалып келді, алайда қазіргі жағдай мүлде басқа тәсілді талап етеді. Бүгінде біз жаңа деңгейге көтерілудеміз: университет магистранттарды даярлау бойынша Ұлттық қорғаныс университетімен ынтымақтастық орнатты, ал болашақта әскери медицина факультетін ашуды жоспарлап отыр. Бұл – армияны медициналық қолдаудың кадрлық әлеуетін күшейту жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті Астана медицина университетінің проректоры Виталий Койков.
Жас зерттеушілердің қатысуына ерекше көңіл бөлінді. Постерлік сессия аясында олар терапия, кардиология және басқа да іргелес пәндер бойынша ғылыми жобаларын ұсынды.
Конференция – денсаулық пен ел қорғанысы жолында тәжірибе, ғылым және патриотизмді тоғыстырған маңызды алаң болды.