«Астана медицина университеті» КеАҚ докторантурасының екі түлегі докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Көптен күткен дипломдар Ғылыми кеңесте университет ректоры А.А. Турмухамбетова тарапынан салтанатты түрде табысталды.
«Мейіргерлік ісі» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесіне ие болған – университет докторанты Александра Машарипова. Ол елімізде бұл дәрежеге ие болған алғашқы мейіргерлік ғылымы саласының өкілі болып отыр.
Александра Машарипованың ғылыми жетекшілері ретінде жалпы дәрігерлік практика және дәлелді медицина курсы кафедрасының доценті, PhD Насихат Нұрғалиева және аталған кафедраның меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Дербісалина болды.
PhD дипломының тағы бір иегері – «Медицина» білім беру бағдарламасының түлегі Бекзат Байтерек. Диссертациялық жұмысты дайындау барысында оған ғылыми жетекшілік еткен – анестезиология және интенсивті терапия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алибек Мұстафин.
PhD дәрежесі – ғылыми мансаптағы маңызды кезең. Ол әрі қарайғы зерттеу, оқытушылық және практикалық қызмет үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Түлектерді құттықтаймыз және оларға кәсіби жолында жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!