Астана медицина университетінде параспортшы Ракеш Баникпен кездесу өтті

Астана медицина университетінде параспортшы Ракеш Баникпен кездесу өтті

Астана медицина университетінде параспортшы Ракеш Баникпен кездесу өтті

Астана медицина университетінде халықаралық паравелошабандоз, Үндістанның мүмкіндігі шектеулі алғашқы спортшысы Ракеш Баникпен мотивациялық кездесу өтті. Ол «Волгадан Брахмапутраға дейін» атты ауқымды экспедицияны жүзеге асырып, велосипедпен 9000 шақырымнан астам жолды еңсерген.

Кездесу барысында Ракеш Баник өз өмір жолымен бөлісіп, аяқ-қолынан айырылғаннан кейін бастан кешкен қиындықтары туралы айтып берді. Ол қорқыныш пен ауру сезімімен бетпе-бет келгенін, алайда дәл осы сәтте өзіне және өзгелерге бәрі мүмкін екенін дәлелдеу үшін алдына мақсат қойғанын жеткізді. Қансыраған жарасына және ауырсынуға қарамастан, ол екі қаланың арасын жалғайтын 90 шақырымдық жолды жүріп өтіп, бұл маршрутты өз ерік-жігерінің символына айналдырды.

«Мақсат қойып, соған қарай ұмтылыңыздар. Жолда ауырсыну мен қорқыныш кездессе де, алға жылжудан тайынбаңыздар», – деді ол студенттерге арнаған сөзінде.

Ракеш Баник өз велошеруінің патриоттық миссиясына ерекше тоқталды. Ол Ассам штатында (Үндістан) дүниеге келгенін айтты – бұл өңірді көпшілік тек шайымен таниды, бірақ ол өз елінің мәдениеті, табиғаты және рухани байлығын көрсетуге тырысқан. 9000 шақырымдық маршруттың басты мақсаты – Үндістан туралы әлемге баяндап, жастарды алға ұмтылуға жігерлендіру болған.

Шара соңында спикер студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу ағылшын тілінде өтті және ол тек мотивациялық шара ғана емес, студенттер үшін тікелей тілдік қарым-қатынас машықтарын дамытуға мүмкіндік болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика