Астана медицина университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелері:

Астана медицина университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелері:

Астана медицина университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелері:

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Астана медицина университеті» КеАҚ-та ішкі сыбайлас жемқорлыққа талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (ІСЖТ) келесі құрылымдық бөлімшелерде жүргізілді: Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Пайдалану басқармасы, Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және мониторинг басқармасы, «Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент» кафедрасы.

 

Талдау кезеңі: 2024 жылғы 1 наурыздан 2025 жылғы 30 сәуірге дейін.

 

Талдау төмендегі нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жүргізілді:

1. ҚР Конституциясының 18.11.2015 жылғы № 410-V ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 19.10.2016 жылдың №12 ІСЖТ жүргізудің үлгілік қағидалары (16.01.2023 жылғы № 21 өзгерістерімен), 30.12.2022 жылғы № 488 ІСЖТ жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2024 жылға арналған № 4 үлгілік базалық бағыт жобалары картасы – «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20.02.2024 жылғы № 181 ІСЖТ жүргізу кестесі.

Ішкі талдау барысында келесі құрылымдық бөлімшелердің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер зерделенді: «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы»; «Пайдалану басқармасы»; «Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және мониторинг басқармасы»; «Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент» кафедрасы;

Сондай-ақ, жүргізілген тексерулердің нәтижелері қайта қаралды, соның ішінде: Университеттің Ішкі аудит қызметі жүргізген тексерулердің нәтижелері, Риск-менеджер ұсынған тәуекелдердің негізгі индикаторлары (ТНИ) бойынша есептер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, қызметтік тексерулердің нәтижелері және өзге де мәліметтер.  

 

Талдау қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1.      ІСЖТ жұмыс тобының ұсынымдарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;

2.      Комплаенс офицеріне ұсынымдардың орындалуын қадағалау;

3.      Келесі бағыттар бойынша жұмысты күшейту:

- Университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қалыптастыру;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын бұзуына жол бермеу.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика