Астана медицина университетінде акушер-гинекологтар арасында олимпиада өтті

Астана медицина университетінде акушер-гинекологтар арасында олимпиада өтті

Астана медицина университетінде акушер-гинекологтар арасында олимпиада өтті

Астана медицина университетінде алғаш рет акушерлік пен гинекология және перинатология пәндері бойынша резиденттер арасында университеттік олимпиада өтті. Олимпиадаға «Gynoforce», «Гипертонус мозга», «Femi Vita», «Mater vitae», «Стражи материнства» және «ObGynius» атты алты команда қатысты.

Іс-шараның ашылуында университет проректоры Виталий Койков қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай олимпиадалар студенттердің теориялық білімдерін бекітіп, практикалық дағдыларын және топта жұмыс істеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұл алаңда сіздер көшбасшылық қасиеттеріңіз бен білімдеріңізді көрсете аласыздар аласыздар. Акушерлік – университетіміз үшін маңызды бағыттардың бірі. Елде аналық және бала денсаулығы мәселелері ерекше бақылауда екенін білесіздер, – деді Виталий Койков.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді. Резиденттер симуляторларда әртүрлі акушерлік әдістер мен гинекологиялық операцияларды орындау, жоспарлы және шұғыл көмек көрсету жағдайларында пациентке көмек көрсету тактикасын айқындау арқылы практикалық шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, «Акушерлік» және «Гинекология» тақырыптары бойынша клиникалық жағдаяттық тапсырмаларды шешті.

Қатысушылардың жұмысына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен тәжірибелі акушер-гинеколог дәрігерлерден құралған қазылар алқасы баға берді. Әр кезеңге арналған бағалау критерийлері алдын ала конкурс бағдарламасында бекітілген.

Олимпиаданы акушерлік және гинекология кафедрасы №1 ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға теориялық және практикалық кезеңдер нәтижесіне сәйкес дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Олимпиада нәтижесі бойынша:

3-орын – «ObGynius» командасы

2-орын – «Стражи материнства» командасы

1-орын – «Femi Vita» командасы, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, диплом, кубок және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жеңімпаздарды және жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіре отырып, алдағы оқу мен кәсіби жолдарына табыс тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика