Астана медицина университетінің студенттері «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» пәнінен өндірістік практиканы Алматыдағы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде сәтті өтті. Академиялық ұтқырлық аясында 27 білім алушы бұл практиканы өтті.
Екі күннен тұратын байытылған бағдарлама барысында студенттер ғылым мен өндіріс ортасымен толық танысты, университетте алған теориялық білімдерін бекітті. Әсіресе фармацевтикалық бақылау саласында кәсіби көкжиектерін кеңейтті.
Бағдарламаға шеберлік сыныптары, зертханалық жұмыстар және ғалымдар мен тәжірибешілермен кездесу сессиялары кірді. Практика барысында фармацевтика ғылымдарының докторы Асыл Бошкаева жүргізген дәрістері мен мастер-кластары студенттер үшін кәсіби жолында маңызды тәжірибеге айналды.
Тек оқыту процесімен шектелмей, қатысушылар елдегі ең іргелі медициналық жоғары оқу орындарының бірі — ҚазҰМУ инфрақұрылымымен танысып, қазіргі заманғы зерттеу және өндіріс алаңдарының жұмысымен тәжірибеде танысу мүмкіндігіне ие болды.
Өндірістік практика білім алушыларға маңызды оқу тәжірибесін сыйлап, Қазақстанның жетекші медициналық университеттері арасындағы ынтымақтастықты күшейтті және жоғары білікті фармацевттер даярлау үрдісіне өз үлесін қосты.
Академиялық ұтқырлық: Қазақ ұлттық медицина университетінде тәжірибе
Академиялық ұтқырлық: Қазақ ұлттық медицина университетінде тәжірибе
