Даниялық студент Астана медицина университетінде тәжірибеден өтті

Даниялық студент Астана медицина университетінде тәжірибеден өтті

Даниялық студент Астана медицина университетінде тәжірибеден өтті

Академиялық ұтқырлық аясында шетелдік студенттердің білім алуы шеңберінде Копенгаген университетінің (Дания) 4 курс студенті Лаура Соренсен Астана медицина университетінің Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасында тәжірибеден өтті.

Оқыту KazMSA ұйымының SCOPE комитетінің кәсіби алмасу бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Лаура Соренсен үшін кафедра қызметкерлері «Медициналық микробиология» пәні бойынша арнайы күнтізбелік-тақырыптық жоспар әзірледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары бактериялардың морфологиясы мен физиологиясын зерделеуге, инфекция мен иммунитет мәселелеріне арналды. Сабақтарды кафедра профессоры Гүлжан Асемова, аға оқытушылар Мадина Ботбаева мен Әйгерім Сәрсенова жүргізді.

Теориялық біліммен қатар, студент практикалық дағдыларды да меңгерді, атап айтқанда, бактерияларды микроскоппен зерттеді. Лаура бактерияларды арнайы қоректік орталарға себу және олардың антибиотиктерге сезімталдығын зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ол «Mind map» технологиясымен және тірек белгілер әдістемесімен танысты.

Тәжірибе соңында Лаура Соренсен университет басшылығына жылы қабылдауы мен кәсіби оқытуы үшін алғыс білдірді.

Тәжірибе соңында Лаура Соренсен университет басшылығына жылы қабылдауы мен кәсіби оқытуы үшін алғыс білдірді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика