Астана медицина университеті алғаш рет Times Higher Education Impact 2025 әлемдік рейтингіне 1501 + позициясын иеленді. THE Impact рейтингі Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге университеттердің қосқан үлесін бағалайды. Рейтингке қатысу шеңберінде университет төрт негізгі мақсат бойынша деректерді ұсынды және жекелеген санаттар бойынша орын алды:
SDG 3 - Good Health and Well-being/Денсаулық және әл-ауқат:
- 401-600 орын
SDG 16 - Peace, justice and strong institutions/Тұрақты даму мүддесінде бейбітсүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу
- 601-800 орын
SDG 8 - Decent work and economic growth/Үдемелі, бәрін қамтитын және тұрақты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және баршаға лайықты жұмысқа жәрдемдесу
- 1001 + орын
SDG 17 - Partnerships for the goals/Тұрақты даму мүддесінде Жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру
- 1001 = 1500 орын
Аталған рейтингке кіру университеттің сапалы білім алуға, әлеуметтік жауапкершілікке және халықаралық мойындауға ұмтылысын растайды. Бұл жетістік серіктестікті дамытуға, нығайтуға және жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Астана медицина университеті көрсеткіштерді жақсарту және қауіпсіз, заманауи білім беру ортасын құру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.