Жапондық ғалымдар Астана медицина университетіне жұмыс сапарымен келді

Жапондық ғалымдар Астана медицина университетіне жұмыс сапарымен келді

Жапондық ғалымдар Астана медицина университетіне жұмыс сапарымен келді

Қазақстан мен Жапония университеттері арасындағы стратегиялық әріптестік аясында Астана медицина университетінің радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтында Хиросаки университетінің (Жапония) профессорлары Yasutaka Omori мен Masahiro Hosoda жұмыс сапарымен болды.

Кездесу Халықаралық «Қазақстандағы радон мөлшері жоғары аудандардағы халықтың өкпе обырына шалдығу қаупі: қайта бағалау» жобасын іске асыру, сондай-ақ радиоэкологиялық және эпидемиологиялық бірлескен зерттеулердің күнтізбелік жоспары аясында өтті.

Тараптар өткен жылғы далалық зерттеулердің қорытындылары мен жобаның алдағы кезеңдерін үйлестіру мәселелерін талқылады. Әсіресе тұрғын және әкімшілік ғимараттарда радон мен оның ыдырау өнімдерін жоғары сезімтал детекторлар арқылы өлшеу әдістемесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында профессор Yasutaka Omori, жетекші ғылыми қызметкер Данара Ибраева және бас маман Мулкат Елшенбек баяндамалар жасады. Олар радиациялық мониторингтің алдын ала нәтижелерін ұсынып, алынған мәліметтердің халық денсаулығын қорғау бойынша тиімді шараларды әзірлеу мен қауіптерді бағалаудағы маңыздылығын атап өтті.

Жақын арада уран өндірісіне жақын орналасқан елді мекендерде бірлескен радиологиялық және дозиметриялық зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ тараптар халықаралық рецензияланатын басылымдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар дайындауға келісті.

Хиросаки университеті мен АМУ арасындағы ынтымақтастық ғылыми алмасуды дамытуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және радиациялық қауіпсіздік саласындағы бастамаларды ілгерілетуге өз үлесін қосуда.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика