Гистология және цитология кафедрасында Жазғы мектеп аясында оқу курсы өтті. Сабақтар «Зәр шығару жүйесінің патологиясы» тақырыбына арналды және офлайн форматта жүргізілді. Оқу курсының ұзақтығы – 60 сағат.
Курсты доцент, PhD Дархан Узбеков пен аға оқытушы Мадина Иманбаева жүргізді.
Сабақтар барысында студенттер зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылымын және негізгі патологиялық өзгерістерді, соның ішінде қабыну, ишемия, дистрофия, некроз және ісіктерді зерделеді.
Мадина Иманбаева гистология және бүйректің эндокриндік қызметінің қалыпты жағдайдағы ерекшеліктері бойынша материалдар ұсынып, ал Дархан Узбеков патология, диагностика мәселелері және сот-медициналық гистология бойынша дәрістер оқыды.
Курс студенттердің практикалық бағыттағы материалдарға және көрнекі гистологиялық мысалдарға қызығушылығын тудырды. Оқу барысында студенттер цитология және гистопатология саласындағы білімдерін тереңдетіп, клиникалық ойлау қабілеттерін дамытты.
Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.