Жазғы мектеп тыңдаушылары жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларын меңгерді

Жазғы мектеп тыңдаушылары жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларын меңгерді

Жазғы мектеп тыңдаушылары жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларын меңгерді

Анестезиология және интенсивті терапия №1 кафедрасы Жазғы мектеп аясында «Жүрек-өкпе реанимациясының практикалық курсын» өткізді.

Цикл барысында тыңдаушылар жүрек-өкпе реанимациясының теориялық негіздері мен практикалық әдістерін меңгеріп, тиісті жабдықты қолдануды үйренді.

Аталған курс арқылы студенттер жүрек пен тыныс алу тоқтаған жағдайда шұғыл көмек көрсету бойынша білім мен дағдыларға ие болды, оның ішінде жасанды тыныс алдыру және жүрекке жанама массаж жасау әдістерін меңгерді. Оқытушылардың жетекшілігімен жүрек-өкпе реанимациясының практикалық курсы манекендерде, соның ішінде симуляциялық жағдайларда жүргізілді.

Екінші жыл қатарынан цикл бағдарламасына «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенті Диана Ли қатысып келеді. Жас ерекшелігіне қарамастан, Диана жоғары академиялық қабілеттерімен ерекшеленіп, практикалық сабақтарды сәтті меңгеруде.

Курс соңында студенттер клиникалық жағдайларды талдау барысында және интенсивті терапияға арналған түрлі дәрілік препараттар мен аппараттарды қолдану арқылы шұғыл жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын жетілдірді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика