Астана медицина университетінде анатомия пәні бойынша жазғы мектеп өтті

Астана медицина университетінде анатомия пәні бойынша жазғы мектеп өтті

Астана медицина университетінде анатомия пәні бойынша жазғы мектеп өтті

Аубакиров Ашим Булатович атындағы адам анатомиясы кафедрасында «Клиникалық симптомдар мен синдромдарды топографиялық-анатомиялық негіздеу» тақырыбында жазғы мектеп ұйымдастырылды. Сабақтар 2-13 маусым аралығында өтіп, анатомияны клиникалық тұрғыдан тереңдетіп оқытуға бағытталды.

Студенттермен кафедра доценттері, медицина ғылымдарының кандидаттары Назым Айтенова мен Ляззат Рахимова жұмыс жүргізді. Жазғы мектеп аясында қатысушылар анатомиялық ерекшеліктердің түрлі аурулардың көріністерімен байланысын зерттеп, сондай-ақ бас пен мойынның, кеуде мен құрсақ қуысының, жамбас пен аяқ-қолдың құрылымдық ерекшеліктерін талдады.

Жазғы мектепке 1 және 3 курс студенттері қатысты. 10 күн ішінде олар топографиялық анатомия бойынша білімдерін кеңейтіп қана қоймай, болашақ дәрігерлік тәжірибе үшін аса маңызды клиникалық ойлау қабілетін де нығайтты.

Жазғы мектеп студенттер үшін пайдалы тәжірибе болып, кәсіби өсудің тағы бір баспалдағына айналды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика