Астана медицина университетінің Жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институты Жазғы мектеп аясында студенттерге арналған «Клиникалық электрокардиография» бағдарламасы бойынша оқыту курс өткізді.
Оқу циклі барысында тыңдаушылар ЭКГ негіздерін, соның ішінде теориялық аспектілер мен практикалық әдістерді меңгерді. Сондай-ақ, тиісті жабдықтармен жұмыс істеуді үйренді.
Студенттер жүрек қуыстарының гипертрофиясы, созылмалы коронарлық синдром (ХКС), жедел коронарлық синдром (ОКС), өткізгіштік бұзылыстары (НРС) сияқты әртүрлі патологиялық жағдайлар мен қалыпты күйде ЭКГ интерпретациясының теориялық және практикалық дағдыларын меңгерді. Оқытушылардың жетекшілігімен стандартты және қосымша тіркемелерде ЭКГ жазу тәжірибесін де игерді.
Бұл курсқа қатарынан екінші жыл «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттері Дидар Муратбек пен Алишер Тлегенов қатысуда. Биылдан бастап 3-курс студенттері Iman Fatima мен Saif Muneeb Ali де қатысып отыр. Барлық тыңдаушылар жоғары академиялық қабілеттерге ие және практикалық сабақтарды табысты меңгерді.
Курс соңында студенттер өз дағдыларын жетілдіріп, ЭКГ зерттеуін жүргізуді, оны интерпретациялап, клиникалық қорытынды жасауды үйренді. Сондай-ақ, алған ғылыми-медициналық ақпаратты практикалық қызметте қолдану қабілетін қалыптастырды.