Астана медицина университетінің профессоры Орталық Азиядағы алғашқы бариатриялық хирургтар саммитін ұйымдастырды

Астана медицина университетінің профессоры Орталық Азиядағы алғашқы бариатриялық хирургтар саммитін ұйымдастырды

Астана медицина университетінің профессоры Орталық Азиядағы алғашқы бариатриялық хирургтар саммитін ұйымдастырды

Ақтау қаласында бариатриялық және метаболикалық хирургиядағы асқынулардың алдын алу, диагностикасы және емделуіне арналған «Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық бариатриялық клуб саммиті» – First IBC Central Asia Summit & 70th IBC & Second IBC Central Asia Symposium өтті. Бұл ғылыми алаң Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Тәжікстанның жетекші мамандарын біріктірді.

 

Аталған ауқымды шараны ұйымдастырған – медицина ғылымдарының докторы, Астана медицина университетінің хирургиялық аурулар, бариатриялық хирургия және нейрохирургия кафедрасының профессор-зерттеушісі Орал Оспанов.

 

Орал Оспановтың айтуынша, бариатриялық және метаболикалық хирургия – салыстырмалы түрде жаңа бағыт.

 

– Қазіргі таңда отадан кейінгі асқынулар жиі кездеседі. Сондықтан біз Орталық Азия елдерінің бариатриялық және метаболикалық хирургтарын біріктіріп, хирургиялық асқынулар бойынша Консенсус қабылдауды жөн көрдік. Бұл – операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу, ерте диагностика жасау және емдеу тәсілдерін біріктіру деген сөз. Мұның бәрі нәтижелерді жақсарту үшін өте маңызды, – деп атап өтті профессор.

 

Қатысушылардың пікірінше, бұл Саммит Орталық Азияда бариатриялық хирургияны дамыту жолындағы серпінді алаңға айналды. Кездесудің басты нәтижесі – бариатриялық және метаболикалық хирургия саласындағы бірқатар мәселелерді шешуге жол ашатын маңызды құжат – хирургиялық асқынулар бойынша Консенсустың қабылдануы болды.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика