Астана медицина университетінің студенттеріне Еуропаның жетекші радиология ғалымдары дәріс оқыды

Астана медицина университетінің студенттеріне Еуропаның жетекші радиология ғалымдары дәріс оқыды

Астана медицина университетінің студенттеріне Еуропаның жетекші радиология ғалымдары дәріс оқыды

2025 жылғы 25 маусымда медицина саласындағы білім және ғылым бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында Еуропалық радиологтар мектебі (ESOR) «Абдоминалды радиология» тақырыбында оқыту өткізді. Сабақтар конференция залында, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (КФ «UMC») гибридті форматта ұйымдастырылды. Іс-шараны «Қазақстандық радиология қоғамы» РҚБ Астана медицина университетімен бірлесіп өткізді.

Визитинг-профессорлар бағдарламасы аясында тыңдаушыларға Еуропаның жетекші радиология ғалымдары — Л.Марти-Бонмати (Валенсия, Испания), К.Ступис (Берн, Швейцария), С.Гурцоиянни (Афина, Греция) дәріс оқыды.

Сондай-ақ қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:
• Бауырдың созылмалы ауруларын инвазивті емес әдістермен диагностикалау,
• Ұйқы безі мен тік ішек обырын диагностикалау және стадиялау,
• Ішек қабыну аурулары кезіндегі визуализацияның рөлі,
• Гепатоцеллюлярлық карциноманы диагностикалау,
• Ұйқы безінің псевдоісіктері.

Қазақстандық радиология қоғамының вице-президенті, профессор, PhD, DMSc Таирхан Даутовтың айтуынша, шақырылған профессорлардың қатысуымен өткен бұл мектеп болашақ мамандарды даярлауға елеулі үлес қосады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика