Астана Медицина университетінің акушерлік және гинекология кафедрасы №1 базасында «Оперативті акушерлік және гинекология. Репродуктология» тақырыбында Жазғы мектеп өткізілді.
Бағдарламаның мақсаты – студенттердің акушерлік, гинекология және репродуктивті медицина салаларындағы білімдерін тереңдету, сондай-ақ практикалық дағдыларын дамыту.
Сабақтар клиникалық базаларда өтті: №3 көпбейінді қалалық аурухана (Акушерлік блогы), ЭКОМед клиникасы және IRM Clinic. Жазғы мектепке студенттер жеке өтініштері негізінде қабылданды.
Бағдарлама теориялық дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтыды: манекендерде машықтану, акушерлік және гинекологиялық операцияларға қатысу, сондай-ақ келесі тақырыптар бойынша оқу конференцияларына қатысу:
· «Гинекологтың күнделікті тәжірибесінде әйелдің репродуктивті денсаулығын сақтау»
· «Бедеулігі бар пациенттерді маршрутизациялау»
Жазғы мектеп студенттерге нақты жағдайларда білімдерін қолдануға және акушерлік пен гинекологиядағы заманауи тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді.
Астана Медицина университеті бакалавриат, интернатура және басқа да дайындық деңгейлері үшін Жазғы мектеп бағдарламасы аясындағы жұмысын жалғастыруда.